Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Алдын ала қарау

44-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің нысаны мен мазмұны

  1. Конституциялық Сотқа өтініштер жазбаша және (немесе) электрондық нысанда беріледі.
  2. Өтініште:

1) Конституциялық Соттың атауы;

2) өтініш субъектісінің атауы, орналасқан жері, азамат жүгінген жағдайда – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, егер бар болса, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;

3) лауазымы бойынша немесе заң бойынша өкілдік ету жағдайларынан басқа, өтініш субъектісі өкiлiнiң атауы, мекенжайы және оның өкiлеттiгi көрсетілуге тиіс. Өкілі беретін азаматтың өтінішінде, егер бар болса, оның ұялы байланысының абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы туралы мәліметтер де көрсетілуге тиіс;

4) егер өтініште Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы мәселе қойылса, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобасы;

5) егер өтініште Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселе қойылса, оларды өткізуге байланысты актілерге қол қойған немесе оларды шығарған мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың атауы, орналасқан жері және мекенжайы;

6) егер өтініште заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, заңдардың атауы, қабылданған күні;

7) егер өтініште Қазақстан Республикасының Құрылтайы қаулыларының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, Қазақстан Республикасының Құрылтайы қаулыларының атауы, қабылданған күні;

8) егер өтініште Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының атауы, қол қойылған күні мен орны, оларға Қазақстан Республикасының немесе оның мемлекеттік органдарының атынан қол қойған лауазымды адамдар;

8-1) егер өтініште халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, халықаралық ұйымдар және олардың органдары шешімдерінің атауы, қабылданған күні;

9) өтініште ресми түсіндірме беру туралы мәселе қойылып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары;

10) егер өтініште күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы мәселе қойылса, заңның немесе өзге де құқықтық актінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жариялау көздері және өзге де деректемелері;

11) егер соттың ұсынуында актіні конституциялық емес деп тану туралы мәселе қойылса, егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, актіге қол қойған немесе оны шығарған мемлекеттік органның, лауазымды адамның атауы, орналасқан жері және мекенжайы, заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жариялау көздері және өзге де деректемелері;

12) Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы құратын комиссияның атауы, құрамы және оның қорытындысы; Қазақстан Республикасы Құрылтайының Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарауына байланысты актілердің атауы, қабылданған күні және мазмұны;

13) Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселеге бастама жасаған депутаттар және олардың саны туралы мәліметтер; Құрылтайда дауыс берудің нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айыпты тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тағылған айыптың негізділігі жөніндегі қорытындысы туралы мәліметтер; Құрылтайдың Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселені қарауымен байланысты актілердің атауы, қабылданған күні және мазмұны;

13-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 1-тармағында көзделген өз құқығын іске асыруы туралы мәліметтер;

13-2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаудан бас тартуы туралы мәліметтер;

14) өтініштің мәні, өтініш берген адамның позициясы және оның құқықтық негіздемесі;

15) жүгінуге негіз болатын және оның негізділігін растайтын өзге де фактілер, мән-жайлар және бар болса, дәлелдемелер;

15-1) сот арқылы қорғалу құқығын қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада белгіленген басқа тәсілдерін пайдаланғаны туралы мәліметтер (олар болған кезде);

16) Конституциялық Сотқа жүгінуге құқық беретін немесе азамат дау айтып отырған нормативтік құқықтық актіде тікелей қозғалған оның құқықтары мен бостандықтарын бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы Конституциялық заңның нормалары;

17) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

  1. Өтінішке тиісті субъект қол қоюға тиіс. Электрондық құжат нысанында ресімделген өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
  2. Өтінішке:

1) тексерілуге жататын актілер мәтіндерінің көшірмелері;

2) өкілдік ету лауазымы бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, өкілдің өкілеттігі туралы сенімхат немесе өзге құжат;

3) соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімінің көшірмесі;

4) нақты істе заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын растайтын сот шешімі;

5) алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
6) алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

6-1) егер ұйымның уәкілетті адамы өтініш субъектісінің өкілі болса, жарғының, ереженің, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;

7) Конституциялық Сотқа жүгінуші адамның позициясын растайтын өзге де материалдар қоса беріледі.

  1. Конституциялық іс жүргізу тілдерінде жазылмаған құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілуге тиіс.

Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

45-бап. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына өтініштер

Ескерту. 45-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

  1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының жүгінуі бойынша олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, олардың жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарайды.
  2. Қазақстан Республикасы азаматының өтініші жол берудің мынадай:

1) соттың дау айтылып отырған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні қолдануы және оның жүгінуші субъект қатысатын нақты істе құқықтар мен бостандықтарды тікелей қозғауы және іс бойынша апелляциялық сатыдағы күшіне енген сот актісінің болуы;

2) өтініштің осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуі;

3) жүгінген субъектінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы белгілерінің болуы шарттарына сай келуге тиіс.

  1. Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
    4. Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
          Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

46-бап. Конституциялық Сотқа жүгінудің салдары

Конституциялық Сотқа:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кірісуі, Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайланған депутаттарын тіркеу не жалпыхалықтық референдумның қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады;

2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады;

3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, сотта іс бойынша іс жүргізу толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұрады.

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Документы
Қаулы
07 июля 2026
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ нормативтік қаулысы
Қаулы
13 июня 2026
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 12 маусымдағы №88-НҚ нормативтік қаулысы
Қаулы
12 июня 2026
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 12 маусымдағы №87-НҚ нормативтік қаулысы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы