Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Ударцев Сергей Федорович
Конституциялық Сот судьясы
Общая информация, образование

Ударцев Сергей Федорович

1951 жылғы 28 тамызда дүниеге келген. 1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1976 жылы ҚазМУ аспирантурасын, 1981 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшы кадрлардың біліктілігін арттыру институтын, 1990 жылы Қоғамдық ғылымдар академиясының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру факультетін тәмамдаған.
Заң ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1998), Қазақстан Заң ғылымдары академиясының академигі (2004). Қазақстанның құрметті заңгері (2015).

Карьера

Негізгі еңбек өтілі оқытушылық және ғылыми қызметпен байланысты. 1992–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып сайланған. 1998–1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның заң бөлімінің бастығы, заң басқармасының бастығы, заң департаментінің директоры, сондай-ақ Үлбі металлургия зауыты директорлар кеңесінің мүшесі болды.
1999–2006 жылдары «Әділет» Жоғары құқық мектебі Құқықтану академиясының профессоры, оқу жұмысы жөніндегі проректоры және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды. 2006–2009 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің профессоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, ректоры болды. 2009–2012 жылдары университет Президентінің кеңесшісі, 2012–2017 жылдары Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры, 2017–2023 жылдары конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (01.01.2023 бастап, 23.09.2026 қайта тағайындалды).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталған.

 

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы