
Ақмола облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, қалалық және аудандық басқармаларының эпидемиолог мамандары Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының жетекші ғалымдарының қатысумен ұйымдастырылған «COVID-19 науқастарымен қауіпсіз жұмыс жасау» тақырыбындағы семинар-тренингтен өтті.
Біліктілігі жоғары спикерлер тобының құрамы, атап айтқанда Андрей Дмитровский, Марат Сыздыков, Андрей Кузнецов, Татьяна Лятомская соңғы ғылыми зерттеулер нәтижелеріне негізделген COVID-19 ауруының этиологиясы, эпидемиологиясы, диагностикасы және профилактикасы бойынша оқу курстарын өткізді.
Инфекцияның таралу жолдары мен факторларын, жұқтыру қауіпін бағалау және ЖҚҚ-ын пайдалану бойынша ақпараттар жүйелі түрде берілді. SARS-CoV-2 вирусымен контаминацияланған материалдарды алу, орау және зертханаға жеткізу туралы мағлұматтар да оқу бағдарламасына енгізіліп, практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде, облыстың эпидемиолог мамандары семинар барысында алынған ақпарат пен дағдылардың практикалық құндылығының өте зор екендігін атап өтті.