Атырау облынындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілуде

Атырау облынындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілуде

Атырау облысы бойынша дәріханалар саны 314. Оның ішінде Атырау қаласында 223 дәріхана, аудандарда 91 дәріхана бар.  

Атырау облысының тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті облыстағы дәріханаларда көтерме  және бөлшек сауда өткізу үшін вирусқа қарсы, ыстықты түсіретін, антибактериялық дәрілік заттардың болуына және 19 медициналық бұйымдар мен 42 атауы бар дәрілік заттарға күн сайын мониторинг жүргізуде.

Қазіргі таңда облыстағы дәріханаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақты. Өңір тұрғындарын дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі тарапынан тұрақтандыру қоры құрылды.

Сондай-ақ, «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы арқылы бөлшек сауда нарығындағы дәріханаларға бірінші кезекте қажет дәрілік заттар мен медициналық маскаларды жеткізу ұйымдастырылуда.

Дәрілік заттардың шекті бағасын көтеру фактілері бойынша облыс көлемінде 44 әкімшілік іс қаралып, жауапты тұлғаларға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426 бабының 1-тармағына сәйкес  жалпы сомасы 7 млн. теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды өткізу фактілері бойынша ҚР ӘҚБК-нің 426 бабының 3 - тармағына сәйкес                           7 іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Фармацевтикалық арнайы білімі жоқ фармацевтикалық қызметпен айналысу фактісі  бойынша  ҚР ӘҚБК-нің 464 бабының 1 - тармағына сәйкес 2 әкімшілік іс қаралып,  жалпы сомасы  83 340 теңге айыппұл салынды.

Заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысу фактісі бойынша ҚР ӘҚБК-нің 424 бабының 1 - тармағына сәйкес жалпы сомасы 55 560 теңге әкімшілік айыппұл салынды.