
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 984 жетті.
Оның ішінде:
- Алматы қаласында - 14325(+1),
- Нұр-Сұлтан қаласында -13953(+7),
- Атырау облысында - 11023(+8),
- Қарағанды облысында - 10203(+5),
- Шығыс Қазақстан облысында - 8443 (+18),
- Батыс Қазақстан облысында - 6826(+4),
- Шымкент қаласында -5183(+0),
- Алматы облысында - 4944(+4),
- Жамбыл облысында - 4109(+2),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 4030(+6),
- Павлодар облысында - 3879(+1),
- Қостанай облысында - 3453(+2),
- Ақмола облысында - 3449(+2),
- Түркістан облысында - 3362(+3),
- Маңғыстау облысында - 3337(+0),
- Қызылорда облысында -3234(+1),
- Ақтөбе облысында -3231(+0).
Қазақстанда 431 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 7,
Алматы қаласында - 4,
Ақмола облысында - 39,
Ақтөбе облысында - 3
Атырау облысында - 34,
Шығыс Қазақстан облысында - 18,
Жамбыл облысында - 297,
Батыс Қазақстан облысында - 3,
Қарағанды облысында - 10,
Қостанай облысында - 3,
Павлодар облысында -8,
Түркістан облысында - 5.
Елімізде барлығы 101 267 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 037 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 221 науқас жатыр. 1 816 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 125 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 408 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 71 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 30 074, өлім жағдайлары - 332, барлығы 26 406 адам сауығып шықты