Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады

Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, 1 келушіге алдын ала жазылу бойынша 4 ш. м.);
  • фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
  • діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған алушыларға, мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 2020 жылдың 4 тоқсанында автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналу мүмкіндігін азайту арқылы азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа да тапсырмалар берді.