
Жыл сайын 55 мың адам құтырма ауруынан көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика есептеріне сүйенсек, осы цифраны көруге болады.
Ағымдағы жылдың 7 айында Ақмола облысында 931 адамды жануар жарақаттаған жағдай тіркелген, 100 мың халыққа шақкандағы көрсеткіш 126,3. Мал жарақатынан зардап шеккендердің саны азайған, бұны өткен 2019 жылдың көрсеткішінен 138,9байқауға болады. Ауруханаға жатқызылған адамдардың саны да азайды, биылғы жылы 3, 2019 жылы 9 болған. Жарақат алған 931 адам дәрігерге қаралған. Сол жарақаттардан көбінесе аяқ-қолы зардап шеккен – 33,4%, қолдың білегі – 24,2%.
Адамның денесін жарақаттаған ит – 706, мысық – 207, жылқы – 2, басқа жануар түрі – 16.
Өңірдің ветеринария қызметі қаңғыма жануарларды аулау және ату жұмыстарын жүргізуде. Құрылған бригадалар мен олардың материалдық жағынан қамтылуына 39 миллион теңге қаражат бөлінген. Профилактикалық мақсаттарда кәсіби қызметіне байланысты антирабиялық вакцина 27 адамға қойылды. Атқарылған жұмыс пен басқа факторлар мал жарақаты санын біршама азайтуға септігін тигізді.
Малжарақатынан кейінгі құтырма ауруына шалдыққан адамдар 100% көз жұматындығын мамандар еске салады. Мұндай статистикада препараттың қарсы әсерін талқылау мүмкін емес, қолданылатын вакцинада олар болмашы. Препарат салынған орыназдап бөртуі мүмкін.
Инфекция құтырма ауруымен ауыратын жануарлардан ит 60%, түлкі 24%, мысық 10% және өзге де жануарлардан жұғады, ауру асқынғанша дейін уақытында медициналық көмек көрсетілмесе, адамның көз жұмуына әкеп соғады. Жүйке жүйесінің ауыр түрде зақымдалуын уақытында жасалған антирабиялық вакцинадан, ал терең болған жарақаттан вакцинация мен антирабиялық иммуноглобулин комбинациясы арқылы алдын алуға болады.
Ересек балаларда 40 ауыртатын екпе әлі есінде. Бірақ, бұл бәрі өткен жағдай. 1993 жылдан бастап тазартылған қойылтылған антирабиялық екпе өсіні пайдалануда. Бір реттік екпе дозасын 1,0 мл-ға және вакцинация курсын бұлшық ет инъекциясын 5-ке дейін қысқартты. Ол ересектерге дельта тәрізді бұлшық етке, ал балаларға болса көмекке қаралған күні, 3,7,14,30-күндері санның жоғарғы жағына салынады. Кейбір пациенттерге олардың организмдерінде керекті антидене саны пайда болу үшін 90-күні алтыншы инъекция жасалуы мүмкін.
Адам жарақат алғаннан кейін егу 14 күннен кешіктірмей басталған жағдайда, вакцинация курсы біршама тиімді болады. Сондағы, құтырма ауруына қарсы вакцина 96-98%-нда аурудансақтап қалады.
Қазіргі заманғы медицинада құтырмамен күресудің тиімді құралдары, антирабиялық вакцина және иммуноглобулин бар, бірақ адамдар өлімі жалғасуда.
Шамамен, жағдайлардың 75%-ы мал жарақаттаған жәнеинфекция жұқтырған жануарлармен басқа байланыста болғанда, бұл мәселеге алаңғасрлықпен қарап, адамдар өлім қаупіне елеулі мән бермейді.Сол себепті, өлім жағдайларының 25%-ы вакцинация курсын бұзған және белгіленген режимді орындамаған пациенттерде тіркеледі.
Өкінішке орай, құтырма ауруының төрттен бірі – 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.
Құтырма ауруының инкубация кезеңі 10 күннен 1 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.
Құтырма белгілері:
Аурудың ұзақтығы әдетте бір аптадан аспайды.
Антирабиялық вакцинамен егу тегін жүргізіледі!
