
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 661 жетті.
Оның ішінде:
- Алматы қаласында - 14308(+9),
- Нұр-Сұлтан қаласында -13932(+8),
- Атырау облысында - 10981(+6),
- Қарағанды облысында - 10174(+7),
- Шығыс Қазақстан облысында - 8362 (+18),
- Батыс Қазақстан облысында - 6799(+2),
- Шымкент қаласында -5182(+0),
- Алматы облысында - 4919(+4),
- Жамбыл облысында - 4106(+2),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 4004(+4),
- Павлодар облысында - 3870(+4),
- Қостанай облысында - 3442(+2),
- Ақмола облысында - 3435(+3),
- Түркістан облысында - 3352(+4),
- Маңғыстау облысында - 3337(+1),
- Қызылорда облысында -3233(+2),
- Ақтөбе облысында -3225(+1).
Қазақстанда 161 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Алматы қаласында - 67,
Ақтөбе облысында – 4,
Атырау облысында - 4,
Шығыс Қазақстан облысында - 19
Батыс Қазақстан облысында – 36,
Қарағанды облысында - 12,
Павлодар облысында -4,
Түркістан облысында - 11.
Елімізде барлығы 100 409 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 11 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 353 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 37 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 - 11 қыркүйекке дейін:
Науқастар саны – 28 928, өлім жағдайлары - 318, барлығы 6642 адам сауығып шықты.