Комитет төрағасының орынбасары СЭБД жаңа басшысын таныстырды

Комитет төрағасының орынбасары СЭБД жаңа басшысын таныстырды

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рахымжанова жұмыс сапары барысында ұжымға Маңғыстау облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы Мұхтар Сербаевты таныстырды.

Марал Тілеулесқызы әріптесіне табысты жұмыс, қойылған міндеттерді тиімді шешу және халықтың санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шараларды іске асыруды тапсырды. Ол үйлесімді жұмыс пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маманның кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті. Комитет төрағасының орынбасары жаңа басшының өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті тиімді басқара және дамыта алатынына сенім білдірді.