2020 жылдың 5 шілде мен 1 қыркүйек аралығында Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында мобильді топ 1500 рейдтік тексеріс жүргізді.
Рейдтік тексерулер барысында ҚР ӘҚБК-нің 425 бабының 1-тармағына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 57 млн 341050 теңгеге 375 әкімшілік іс қозғалды.
Олардың ішінде 224 айыппұл жеке тұлғаларға салынған, олардың ішінде 49- ы шағын және орта бизнеске байланысты емес нысандарға , 175 - і объектілерде өзінің тікелей жұмысын орындау кезінде карантиндік шараларды бұзған жеке тұлғаларға салынған. Анықталған бұзушылықтар жабық нысандарда маскалық режимді сақтамау, түшкіру, жөтел кезінде респираторлық мәдениетті сақтамау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау болып табылады. Жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 млн 945240 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, 108 заңды тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда 60 азық-түлік дүкенінің иелеріне, 15 қоғамдық тамақтану объектілеріне, 1 ұялы байланыс және 1 құрылыс материалдары дүкендеріне, 1 компьютерлік ойын клубына, 7 көлік жөндеу орталығына, 3 жанармай құю бекетіне, 1 супермаркетке, 2 лотореялық клубқа, 1 тұрмыстық техника дүкеніне, 1 алкомаркетке, 4 саунаға , 1 кеңсе дүкеніне, 1 сұлулық салонына, 1 оқу орталығына, 1 сауда үйіне, 2 құрылыс компаниясына, 4 киім дүкеніне, 2 азық-түлік емес дүкендер. Заңды тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 47 млн 395 810 теңгені құрайды.
Ал, ҚР ӘҚБК-нің 64-1-бабына сәйкес карантин режимінде елеусіз құқық бұзушылық жасаған 15 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.Сондай-ақ азаматтардың жүріп-тұру уақытын шектеу санитарлық ережелерде көзделмегендіктен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 28 іс тоқтатылды.
Сонымен қатар басқа нысандарда гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, карантиндік шаралардың сақталуы туралы көрнекі құралдар мен брошюралар таратылды.
Атырау облысында карантин режимінен кейін кәсіпкерлік нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге рұқсат беру үшін комиссия құрылды. «InfoKazakhstan» порталы арқылы 10168 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 8586 өтініш хабарлама сипатында, 1582 келіп түскен өтініш бойынша нысандар тексеруге жатады, 132 өтінішке рұқсат берілді, 522 өтініштен (өтініш берушілердің қате қызметті таңдауы және нысандардың сәйкес келмеуі салдарынан) бас тартылды.Бүгінгі күні облыста 8718 нысан қайтадан өз жұмысын бастады.