
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 89 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
- ауру белгілерімен -68,
- ауру белгілері жоқ – 21.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 121 жетті.
Оның ішінде:
- Алматы қаласында - 14248(+10),
- Нұр-Сұлтан қаласында -13864(+13),
- Атырау облысында - 10940(+9),
- Қарағанды облысында - 10126(+8),
- Шығыс Қазақстан облысында - 8243(+16),
- Батыс Қазақстан облысында - 6767(+2),
- Шымкент қаласында -5175(+0),
- Алматы облысында - 4900(+2),
- Жамбыл облысында - 4093(+4),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 3971(+7),
- Павлодар облысында - 3845(+4),
- Қостанай облысында - 3425(+3),
- Ақмола облысында - 3410(+5),
- Маңғыстау облысында - 3334(+0),
- Түркістан облысында - 3328(+6),
- Қызылорда облысында -3231(+0),
- Ақтөбе облысында -3221(+0).
Қазақстанда 618 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 271,
Алматы қаласында - 36,
Ақмола облысында- 5,
Атырау облысында- 6,
Батыс Қазақстан облысында – 33,
Қарағанды облысында - 2,
Қостанай облысында - 4,
Павлодар облысында - 255,
Түркістан облысында - 6.
Елімізде барлығы 98 585 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Үстіміздегі жылдың 4 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 481 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 58 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейін:
Науқастар саны – 26803, өлім жағдайлары - 305, барлығы 5831 адам сауығып шықты.