
Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Рита Алтынбасова «Ерен еңбегі үшін» жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Бұл марапат жоғары кәсібилік, көп жылғы және жемісті еңбектің, сондай-ақ әріптесіміздің жұмыстағы жетістіктерінің айғағы болып табылады.
Комитет ұжымы Рита Алтынбасованы жоғары наградасымен құттықтайды, денсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілейді! Шын жүректен құттықтаймыз!