Нұр-Сұлтандағы әуежайға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтандағы әуежайға айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында анықталған карантиндік талаптардың бұзылушылығына қатысты мынаны хабарлайды.

Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті карантиндік шектеу шараларының бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер көзделмеген.

Бұдан басқа, рейске тіркелуден өту және отыру кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Терминалда дезинфекциялық кілемшелер жоқ, перрондық автобустың жүргізушілері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолғапсыз және маскасыз жұмыс істеген.

Осыған байланысты, Департамент Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына ӘҚБтК-нің 1-бабының 1-бөлігі бойынша (1600 АЕК) әкімшілік жаза қолданды, бірақ қысқартылған өндіріс шеңберінде 2,2 млн.теңге сомасында айыппұл төледі.

Сондай-ақ, «Scat» авиакомпаниясына қатысты отырғызу кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және персоналдың ауысым алдындағы медициналық қарап-тексерілуін өткізбегені  үшін, ал «Эйр Астана» авиакомпаниясына қатысты авиабилеттерді сату кеңсесінде қорғаныш қоршауының жоқтығы, оның ішінде персоналдың ауысым алдындағы медициналық қарап-тексерілуін өткізбегені үшін ӘҚБтК-нің осыған ұқсас бабы бойынша (1600 АЕК) әкімшілік өндіріс ісі қозғалды.

Коронавирус инфекциясының таралуының профилактикасы мақсатында жолаушылардың назарына елорданың әуежайының үш терминалында: Т1 ғимаратында (халықаралық), Т2 ғимаратында (ішкі) және «Солтүстік» ғимаратында 15 стационарлық тепловизорлық камера орнатылды.

Бұл ретте тепловизорлардың камералары белгілі бір қашықтықта орнатылады және келетін және ұшып кететін жолаушыларға қолайсыздық тудырмай, ағындағы адамдардың дене температурасын өлшейді, сондай-ақ олардың жиналуын болдырмайды.

Қысқартылған  өндіріс мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайына ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 1600 АЕК айыппұл салынды.