
Иммундауды күшейту жөніндегі шаралар, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 273 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 98,2%-ға төмендеуді білдіреді. Соңғы аптада қызылшаның 59 жағдайы тіркелді.
Ағымдағы жылдың басынан бері көкжөтелдің 104 жағдайы, оның ішінде қаңтарда – 69 жағдай тіркелді, бұл сырқаттанушылық деңгейінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді.
Қызылша мен көкжөтелдің көптеген жағдайлары егілмеген балалардың арасында тіркеледі.
Вакцинациялаумен қамтуды мониторингтеу, вакциналардың қозғалысын есепке алу және оларды сақтау үшін профилактикалық егулерді есепке алу жүйесін және барлық деңгейдегі салқын тізбек жүйесін цифрландыруды жүргізуде.