Өңірлермен радиотехникалық объектілерді реттеу мәселелері талқыланды

Өңірлермен радиотехникалық объектілерді реттеу мәселелері талқыланды

Комитетте радиотехникалық объектілерді орналастыруға арналған жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу және реттеу мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қатысуымен кеңес өтті.
Ұялы байланыс антенналарын орналастыру бойынша жобалық материалдарды келісу мәселелері талқыланды және объектілердің осы санатын бұдан әрі реттеу жолдары айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша телекоммуникация органдарымен және байланыс операторларымен аталған бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруға жөнінде ұсынымдар берілді.