Комитет төрағасының орынбасары Департаменттердің жаңа басшыларын таныстырды

Комитет төрағасының орынбасары Департаменттердің жаңа басшыларын таныстырды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары – Гүлмира Сыздықова мен Талғат Сермаңизов тағайындалды.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова жұмыс сапары барысында ұжымға жаңа басшыларды таныстырды. Жаңадан тағайындалған басшылардың осы саладағы тәжірибелері мол, бұл өз кезегінде негізгі міндеттерді сәтті орындауға септігін тигізеді.
Марал Тілеулесқызы әріптестеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шараларды тиімді іске асыруда сәттілік тіледі. Үйлесімді жұмыс пен жауапкершіліктің маңыздылығын, өңір тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі жаңа басшылардың кәсібилігіне байланысты екенін де атап өтті. Комитет төрағасының орынбасары жаңа басшылардың өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық қызметті тиімді басқарып, дамытатынына сенім білдірді.