Алматыда өткен форумда ББҚ-ны мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдері талқыланды

Алматыда өткен форумда ББҚ-ны мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдері талқыланды

Бүгін Алматы қаласында 2-ші Қазақстандық фармацевтикалық форумның ашылуы өтті. Оған реттеуші органдардан, фармацевтика секторында қызмет көрсететін жетекші халықаралық және жергілікті фармацевтикалық компаниялардан 200-ден астам өкіл қатысуда.
Фармацевтикалық қызметтің басым бағыттарымен қатар форум жұмысында ББҚ, оның ішінде импорттық өнім айналымын мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
ББҚ айналымын мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдері туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (СЭБК) төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов баяндама жасап, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, 2024 жылы ББҚ-ның 110-ға жуық атауына бақылаудан сатып алу жүргізіліп, тиісінше сараптамадан өтті, оның ішінде 28 сынама (26,2%) сәйкес келмей шықты, негізінен таңбалау бойынша – 25 (89,3%), микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 3 (10,7%). Негізгі бұзушылықтар ББҚ-ны жеткізген үшінші елдерден – 70,1%, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден – 25,2% анықталды. Жедел ден қою шаралары қабылданып, талаптарға сәйкес келмейтін ББҚ саудадан алынды.
Екі күндік форум шеңберінде елдің фармацевтикалық нарығының мемлекеттік және коммерциялық сегменті, оның ішінде ББҚ дамыту мәселелері талқыланады.