
Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Бұл дегеніміз, кезекші сынып оқушылары оқудың бірінші күнінен бастап партада көп уақыт өткізе бастайды. Егер оқушы дұрыс отырмауды әдетке айналдырса, бұл үлкен қателікке әкеп соқтыруы мүмкін: оны бұл әдеттен арылту оңай болмайды. Сондықтан баланың алғашқы күндерден бастап дұрыс отырғанына көз жеткізу керек.
Өкінішке орай, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 оқу жылының 1-ші тоқсанында оқушылар қашықтықтан оқуды жалғастырады. Ата-аналардың басты міндеті - оқу сабақтарын өткізу үшін үйде қолайлы жағдай жасау. Көптеген ата-аналар, әсіресе балалары алғаш рет мектепке барған ата-аналар жаңа жиһаз - үстел мен орындықтар алып жатады. Баланы партаға ыңғайлы отырғызу үшін өлшемдерін өзгертуге болатын жиһазды (үстелдер, орындықтар) сатып алған тиімді, өйткені оны балаңыздың жеке ерекшеліктеріне сай реттеуге болады. Сондай-ақ, жарықтың деңгейі жеткіліксіз болса, бала үстелге төмен еңкейуге мәжбүр болатындығын есте ұстаңыз. Бұған жол бермеу үшін, жарық мөлшері жеткілікті үстел шамымен қамтамасыз ету керек.
Оқушының партада дұрыс орналасуы
Жиһаз өнімдеріне қойылатын талаптар қандай? Жиһаз өнімі, оның ішінде балалар және оқушылар жиһазы Кеден одағының «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 025/2012 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жиһазды қолдану кезінде механикалық, химиялық, санитариялық-гигиеналық, өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей етіп жасалуы тиіс.
Балалар жиһазына басқа жиһаз өнімдеріне қарағанда қатаң талаптар қойылады. Балалар жиһазына қойылатын маңызды талап – қауіпсіздік пен ыңғайлылық. Оның баланың жарақаттануы мүмкін өткір бұрыштары, өткір шығыңқы бөліктері болмауы керек. Бекіту элементтері сенімді және сапалы болуы тиіс. Сондай-ақ, жиһаз тұрақты, берік, төзімді, қоршаған ортаға ұшпа химиялық заттар бөлінбейтін, ылғалды жинау, оның ішінде дезинфекциялық заттарды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Жиһазды дайындау кезінде тез тұтанатын тоқыма және былғары материалдары қолданылмауы тиіс.
Әрине, сапалы және қауіпсіз жиһазды таңдағанда, ең алдымен таңбалауға назар аударыңыз. Таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс: пайдалану және функционалдық мақсаты бойынша жиһаз бұйымының атауы, бұйымның белгісі (сандық, меншікті, модель және т.б.); дайындаушының тауар белгісі (логотипі) (бар болса); дайындаушы елдің атауы; дайындаушының атауы және орналасқан жері; дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушының атауы, заңды және нақты мекенжайы; дайындалған күні; кепілдік мерзімі; дайындаушы белгілеген қызмет мерзімі; ЕАС белгісі; құрастыру жөніндегі нұсқаулық (бөлшектелген түрде жеткізілетін жиһаз үшін).