2024 ЖЫЛЫ ШАМАМЕН 6 МЛН-ға ЖУЫҚ ЖОЛАУШЫҒА БАЙЛАНЫССЫЗ ТЕРМОМЕТРИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ

2024 ЖЫЛЫ ШАМАМЕН 6 МЛН-ға ЖУЫҚ ЖОЛАУШЫҒА БАЙЛАНЫССЫЗ ТЕРМОМЕТРИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ

Инфекциялық аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында 2024 жылы мемлекеттік шекарада көліктің барлық түрлерінде 6 млн-нан астам жолаушыға байланыссыз термометрия жүргізілді, - деп хабарланды бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қорытынды алқасында.

Санитариялық-карантиндік бақылау қызметі дене температурасы жоғары 63 жолаушыны анықтады.

Бұдан басқа келген шетелдік жолаушылар арасында тырысқақтың 3 жағдайының ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы уақтылы іс-шаралар жүргізу аурудың халық арасында таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ елде аса қауіпті инфекциялар әкелінген жағдайда барлық қажетті эпидемияға қарсы, диагностикалық, емдік және басқа да іс-шараларды жүргізуге дайындық қамтамасыз етілгені атап өтілді.