
Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз бала егілді. Вакцинациялаудан кейін егілгендер арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелген жоқ, - деп хабарланды бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қорытынды алқасында.
АПВ-ның тәуекелі жоғары онкогенді типтері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) туғызады.
АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады.
АПВ – әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмірінің бойында АПВ-ны жұқтырады.
Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.
АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілген.
Мысалы, Шотландияда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы адам паппиломасы вирусының 16 және 18 онкогендік типтерін жұқтырған.
АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң қыздардың келесі буын арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.