
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ҚР ДСМ ТКҚСҚБК аумақтық департаменттерінің баспасөз қызметі қызметкерлерін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.
Комитет төрағасы атап өткендей, баспасөз хатшылары, санитарлық дәрігерлермен бірге алдыңғы қатарда жүрген және көбінесе эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлердің жұмысын халыққа жеткізуде БАҚ үшін жалғыз байланыс арнасы болып табылатын қызметкерлер.
Баспасөз қызметтерінің жанқиярлық еңбегінің арқасында азаматтар отандық санитарлық қызметтердің еліміздегі коронавирустық пандемиямен күрестегі жетістіктері туралы біледі.
Тимур Сұлтанғазиев қызметкерлерге жемісті еңбектері үшін алғысын білдіріп, алдағы кәсіби жеңістеріне өзінің шынайы тілектестігін білдірді.