Комитетте ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бойынша кеңес өтті

Комитетте ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бойынша кеңес өтті

Комитетте төраға орынбасары М.Рахымжанованың төрағалығымен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне және қызметте пайдалану үшін құжаттармен жұмыс істеу ережелеріне арналған кеңес өтті. Оған аумақтық департаменттер мен обаға қарсы станциялардың басшылары қатысты.
Кеңес шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік, қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс істеу ережелері және қызметтік құжаттарды қорғау үшін шаралар қабылдау туралы баяндамалар тыңдалды.
Қатысушыларға мониторинг жүргізу және істерді нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ құпия ақпаратпен жұмыс істеу стандарттарының сақталуын бақылауды күшейту туралы тапсырмалар берілді.
Кеңес тиімді және қауіпсіз құжат айналымы мен еңбек жағдайларын нығайтудағы маңызды қадам болды.