Қазақстанда коронавирус бойынша 2020 жылғы 27 тамыздағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда коронавирус бойынша 2020 жылғы 27 тамыздағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 165 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
- ауру белгілерімен - 111,
- ауру белгілері жоқ - 54.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 105 408 - ге жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 14170(+26),

- Нұр-Сұлтан қаласында -13798(+14),

- Атырау облысында - 10883(+9),

- Қарағанды облысында - 10035(+19),

- Шығыс Қазақстан облысында - 8114(+26),

- Батыс Қазақстан облысында - 6732(+10),

- Шымкент қаласында -5171(+2),

- Алматы облысында - 4891(+2),

- Жамбыл облысында - 4071(+3),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 3906(+12),

- Павлодар облысында - 3814(+7),

- Қостанай облысында - 3383(+10),

- Ақмола облысында - 3367(+9),

- Маңғыстау облысында - 3333(+3),

- Түркістан облысында - 3297(+11),

- Қызылорда облысында -3231(+0),

- Ақтөбе облысында -3212(+2).

 

Өткен тәулікте Қазақстанда 540 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 87,
Алматы қаласында - 27,
Шымкент қаласында – 11,
Ақмола облысында - 23,
Ақтөбе облысында - 4,
Атырау облысында - 10,
Шығыс Қазақстан облысында - 98,
Батыс Қазақстан облысында - 39,
Қарағанды облысында - 65,
Қостанай облысында - 27,
Павлодар облысында -28,
Солтүстік Қазақстан облысында -96,
Түркістан облысында - 25.

Елімізде барлығы 95 253 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

Үстіміздегі жылдың 28 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр, 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 531 жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 43 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1-28 тамыз аралығында:
Науқастар саны - 24 632, өлім жағдайлары - 278, барлығы 5 299 адам сауығып шықты.