
Қазақстанда жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай толығымен тұрақтандырылды. Мәселен, 2024 жылдың желтоқсанында қызылшаның 81 жағдайы тіркелсе 2023 жылдың осы кезеңінде 10 мыңнан астам жағдай тіркелді.
Жағдайды тұрақтандыруға 5 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлеріне қосымша жаппай иммундау жүргізілді, оның шеңберінде 1,5 млн.егілді, бұл сырқаттанушылықтың деңгейін 99,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың басынан бері қызылшаның 64 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық егілмеген балалардың есебінен тіркелді, бұл ауру балалар санының 83%-дан астамын құрайды.
Сондай-ақ, бүгінгі күні көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Сырқаттанушылықтың 73%-ға төмендеу үрдісі байқалады. Ағымдағы жылдың басынан бері көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелді.
Алдағы иммундау шеңберінде көкжөтелге қарсы бұрын жоспарлы вакцинацияны өткізіп алған 186 мың бала егілді.