Комитет қызметкерлері сыбайлас жемқорлық және еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді

Комитет қызметкерлері сыбайлас жемқорлық және еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді

Комитеттің бір топ қызметкері Талдықорған обаға қарсы станциясының қызметкерлерімен көшпелі кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық және еңбек заңнамасының негізгі нормалары түсіндірілді, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың алдын алу және болдырмау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді, биологиялық қауіпсіздік туралы заңнаманы сақтау мәселелері, оның ішінде ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер қаралды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық және еңбек заңнамасының нормаларын тұрақты негізде сақтау ұсынылды.