Комитетте әріптесімізді зейнеткерлікке шығуымен құттықтады

Комитетте әріптесімізді зейнеткерлікке шығуымен құттықтады

Комитет ұжымы бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Бақыт Бекбергенованы лайықты демалысқа шығуымен құттықтады. Көп жылғы еңбегі үшін Комитет төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова алғысын білдірді.
Бақыт Тынысқызы өмірінің көп жылын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына арнады. Ол өзінің еңбек жолын 1982 жылы эпидемиологтың көмекшісі қызметінен бастады. Кейінгі жылдары гигиена жөніндегі дәрігер, Астана қаласының Көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау орталық департаментінің бөлім бастығы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы және осы уақытқа дейін Комитеттің бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
Сала ардагері Кенжебек Шайсұлтанов және көптеген жылдар бойы бірге жұмыс істеген әріптестері жылы лебіздерін білдірді. Құрметті демалыспен құттықтай отырып, Бақыт Тынысқызын тек кәсібилігі үшін ғана емес, жас ұрпаққа үлгі болған адамшылық қасиеті үшін де құрметтейтінін, бағалайтынын атап өтті.