МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ  ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ

«Медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекция» түсінігі нені білдіреді?

Бұл стационарда (ауруханаішілік инфекция - АІИ), емханада, медициналық қызмет жүргізілетін басқа ұйымдарда, үй жағдайында науқасқа медициналық қызметті көрсетуден кейін туындауы мүмкін инфекциялық сырқаттанушылық, сондай-ақ кәсіби қызметі салдарынан туындайтын медициналық қызметкерлердің сырқаттанушылығы.

Емдеу ұйымдарында санитариялық-індетке қарсы режим ұйымдастырылған, себебі санитариялық талаптарды сақтамаған жағдайда кез-келген инфекциялық сырқаттанушылықпен  басқа науқасты жұқтыруы мүмкін.

Пациенттерді инфекциядан қорғау мақсатында барлық емдік және диагностикалық процедураларын қауіпсіз орындау ережелері (алгоритмдер) әзірленді, медициналық қалдықтарды орталықтан жинау, тасымалдау, жою жағдайында медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жасау әдісі енгізілді.

Медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекцияның алдын-алу шаралары

Науқасқа күтім жасайтын медперсоналдың қол жуу ережелерін сақтауы өте маңызды, бұл медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекцияның таралуын тоқтатады және туындау қаупін азайтады.

Кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер халат, қалпақша, бетперде, бір рет пайдаланылатын қолғаптар, алжапқыш, қорғаныш көзілдірік, экрандар сияқты жеке қорғаныш құралдарын қолданады. Персонал жүйелі түрде сауаттылығын және пациенттер мен персоналды жұқтыру қаупімен байланысты манипуляцияларды орындау кезіндегі тәжірибелік дағдыларын арттыру үшін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқулардан, аттестациядан арнайы біліктілік дәрежесін арттыратын мекемелерден өтеді.

Медициналық ұйымдарда бір рет пайдаланылатын бұйымдардың жан-жақты қолданылуы, заманауи жабдықты, дезинфектанттарды, антисептиктерді енгізу, парентералді гепатиттермен сырқаттануды төмендетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, медициналық көмекті көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтай отырып, медициналық ұйымдарда пациенттер мен персоналды ауруханаішілік инфекциялардың жұғуынан сақтап қалуға болады.