Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Терминология саласындағы еңбегі үшін Комитеттің әкімшілік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Айгүл Тілесова ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Санжар Жапарұлы Асфендияровтың 135 жылдығына арналған мерейтойлық төс белгісімен марапатталды.

2009 жылдан бастап Айгүл Шарапатқызы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында құрылған Терминологиялық комиссияның мүшесі, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы терминдерді бекіту жұмыстарына қатысады.

Бұл марапат – жоғары кәсібиліктің, көпжылдық және жемісті жұмыстың айғағы.

Құтты болсын!