
Жаңа жылдық акция ретінде пошта жәшіктеріне салынатын және бірнеше тыныс алғаннан кейін өлімге әкелуі мүмкін қауіпті парфюмерлік сынамалар туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай ақпарат бұған дейін де шетелде таратылған және шындыққа жанаспайды.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімге, оның ішінде ықтимал қауіпті өнімге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Барлық азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ақпаратқа сенбеуге, ресми көздерден алынған фактілерді басшылыққа алуға шақырамыз.