
Бүгін Комитетте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың төрағалығымен "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, ӨРҰ басшылары мен өкілдерінің қатысуымен халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзін-өзі реттеу (ӨРҰ) мәселесі бойынша кеңес өтті.
"Атамекен" ҰКП өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы А.Жақыпов Санитариялықэпидемиологиялық бақылау комитеті мемлекеттік органдар арасында алғашқылардың бірі болып ӨРҰ-ны белсенді түрде енгізіп жатқанын атап өтті
Кеңеске қатысушыларға ӨРҰ қызметінің нәтижелерін тану туралы келісімнің жобасы сондай-ақ аудиторлардың қызметін реттеу тәсілдері таныстырылды және эпидемиялық маңызы бар объектілерді ӨРҰға беру мәселелері талқыланды
Объектілерді өзін-өзі реттеуге беру тәсілдері бақылау және қадағалау саласының ерекшелігін сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалатынын атап өту маңызды
«Бүгінгі таңда ӨРҰ-ны санитариялықэпидемиологиялық аудиттің дамуына елеулі үлес қосқан Қ.Шайсұлтан Қ.Ташметов С.Баянова, Қ.Сахиев М.Хасанова Д.Қажкенова және т.б. саланың корифейлері жүргізетіні қуантады ӨРҰ енгізу жұмыстары жалғасады деп түйіндеді С.Бейсенова
Кеңес қорытындысы бойынша, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп объектілерді тексеру кестесі және барып профилактикалық бақылау тізімі қалыптастырылатын Smart Data Ukimet платформасының жүйесіне ӨРҰ қосу процесін жеделдету туралы шешім қабылданды
Жиынға халықтың санитариялықэпидемиологиялық салауаттылығын кәсіби қамтамасыз ету саласындағы Ұлттық ӨРҰ, "NORMA KZ" эпидемиялық маңызы бар объектілер иелерінің қауымдастығы, "Адал кәсіпкер" эпидемиялық маңызы бар объектілер субъектілерінің одағы, Қазақстан дезинфекционистер Одағы және басқалар қатысты