Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

Бүгін Комитетте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша кеңес өтті. Кеңес жұмысына басқармалардың, аумақтық департаменттердің, Ұлттық сараптама орталығының және оның филиалдарының, сондай-ақ обаға қарсы станциялардың басшылары қатысты.
Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мақсатында Комитет және оның аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, заңда жауапкершілік көзделген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мәселелері талқыланды.