Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдепті сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдепті сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті

Бүгін Комитетте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың төрағалығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру туралы кеңес өтті. Кеңес жұмысына аумақтық департаменттердің, Ұлттық сараптама орталығының және оның филиалдарының, сондай-ақ обаға қарсы күрес станцияларының басшылары қатысты.

Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен қағидаттарын, сондай-ақ әдепті сақтау мәселелерін түсіндіруге арналды. Комитет мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, оларды болдырмау және жол бермеу, мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық және өзге де тәуекелдерді анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын, атап айтқанда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын сақтау, заңда жауапкершілік көзделген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мәселелері талқыланды. 

Қызмет көрсетуде тікелей байланысты болдырмау бойынша жүйелі кешенді шаралар жүргізу, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын күшейтуге ықпал етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді, оның негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес, оның алғышарттарын жою және жазаның қолданылмай қалмайтындығын қамтамасыз ету болып қала береді.