ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады

11 тамыз күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімішілігінің басшылығы және бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қатысуымен бизнестің жұмысын жаңғырту тетіктерін әзірлеу шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады.Тексеру «Сапаржай» автовокзалында, «Артем» сауда орталығында, сондай-ақ қалалық фитнес-клубтар мен қоғамдық тамақтану орындарында жүргізілді.«Сырқаттанушылық өткір және біз баса назар аударуымыз керек мәселе. Барлығы саланың дамуына мүдделі екенін түсінемін, бірақ қарапайым шараларды сақтауды сұраймын. Бизнес жауапкершілік деңгейін түсінгенін қалаймын», - деді Ералы Тоғжанов.Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.Өз кезегінде кәсіпкерлер санитарлық нормалар мен қадағалау органдарының барлық нұсқамаларын қатаң сақтауға міндеттенді.