Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов төрағалығымен ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен алып тастауға дайындық жөніндегі шаралар кешенін қарады

Денсаулық сақтау министрлігі, Бас мемлекеттік дәрігер эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру көрсеткіштері және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде карантиндік шараларды жеңілдетудің ықтимал жолдары туралы баяндады. Сонымен қатар аурудың өсуіне жол бермеу мақсатында өңірлердің жұмысын бақылау үшін бірқатар жаңа индикаторлар ұсынылды.

Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне, өңірлердің басшыларына эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстауды және сырқаттанушылық көрсеткіштерін одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, Вице-Премьер өңір басшыларына COVID-19-ға қарсы күресте зардап шеккен медицина қызметкерлеріне өтемақының уақтылы төленбеуі туралы әрбір факті бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Өңірлер мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін арттыруы керек. Қажеттілігінше, жағдайды одан әрі жақсарту үшін ведомстволар мен жергілікті билік желісі бойынша қосымша шараларды пысықтау керек. Халықпен алдын алу жұмыстарына, бірінші кезекте, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға ерекше күш-жігер жұмсау қажет", - деп атап өтті Е.Тоғжанов.