Құрметті достар, қадірлі әріптестер!

Құрметті достар, қадірлі әріптестер!

Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз үшін бұл датаның маңызы ерекше. 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл маңызды құжатта елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және өзге ұлт өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды.

Республика күні біздің ортақ күш-жігерімізбен үйлесімді және гүлденген қоғам құруға деген шынайы ұмтылысымызды білдіреді. Біз, өз кезегінде, әрбір азаматтың денсаулығын сақтай және нығайта отырып, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі күнделікті міндеттерді жедел шешуді жалғастырамыз.

Осы айтулы күні Сіздерге бейбітшілік, татулық пен тұрақтылық, дендеріңізге саулық тілейміз! Әр отбасында бақыт пен шаттық орнасын!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.