Комитетте Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Комитетте Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Комитетте Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті.

25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды, онда алғаш рет мемлекет аумағының тұтастығы, бөлінбеушілігі және қол сұғылмаушылығы, этностар мен олардың тілдерін, мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидаттары бекітілді.

Комитет төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қызметкерлердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жолындағы игі еңбегін, мамандыққа адалдығын және жанқиярлық қызметін атап өтті.

Мереке күні Комитет қызметкерлеріне Министрдің және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің атынан медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласының ардагері Құралай Қаракен де бар, ол «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Комитет басқармасының басшысы Роза Қожапова, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Комитет басқармаларының басшылары Розалина Ермекпаева және Әсел Жетпісбаева, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Комитеттің бас сарапшысы Альбина Өтемұратова марапатталды.

Шара мерекелік концертпен қорытындыланды.