17-18 қазанда Астана қаласында ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің қолдауымен денсаулық сақтау жүйесінің барлық кезеңдерінде вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың оңтайлы температуралық режимін қамтамасыз ететін салқын тізбекті жетілдіру мәселелері бағытында кеңес өтті.
Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, «СК-Фармация» ЖШС, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының және медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.
Кеңес шеңберінде салқын тізбекті жетілдіру, ДДҰ ұсыныстарын ескере отырып, салқын тізбектің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеудің жаңа тәсілдерін зерделеу мәселелері талқыланды.
Екі күндік кеңестің қорытындысы негізінде вакциналарды жеткізу жүйесін және салқын тізбекті автоматтандыру мүмкіндіктерін жетілдіру бағытында Жол картасының жобасы әзірленді.