Астанада БАҚ өкілдері АПВ-ға қарсы егу жұмыстарымен танысты

Астанада БАҚ өкілдері АПВ-ға қарсы егу жұмыстарымен танысты

Қыркүйек айынан орта кезеңінен бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырушы факторы - Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды. ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы түрде вакцинацияланады. Сондай-ақ, 12-13 жас аралығындағы қыздарға иммундау жасалады. Бұл маңызды іс-шара елімізде қауіпті инфекцияның таралуын және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.

Иммундау аясында елордалық мектептерде жоғарыда аталған жастағы оқушы қыз балалар егілуде. Екпе жұмысы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Бүгін ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сарапшылары, онколог-дәрігерлер, гинекологтар мен педиатрлар қала мектептерінің біріне барып, АПВ-ның таралу жолдары, вируспен байланысты қауіп-қатерлер және АПВ тудыратын онкологиялық аурулардың дамуын вакциналаудың алдын алу жолдары туралы республикалық БАҚ өкілдеріне түсіндірді.

Жатыр мойны обыры Қазақстанда барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің екінші қауіпті түрі және жиілігі бойынша 25-тен 44 жасқа дейінгі әйелдер өлімінің екінші себебі болып саналады. Жыл сайын елімізде осы аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ жұқтыру болып табылатынын дәлелдеді. АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Әйелдердің арасында АПВ таралуы бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында 90% -ға төмендеген.

АПВ-ға-ға қарсы вакцинациялаудың күнделікті мониторингінің нәтижелері бойынша бүгінгі күні республика бойынша 22,2 мың бала егілді, оның ішінде 11 жасқа толған балалар саны - 14 мың, 12-13 жасқа толған балалар - 8,2 мыңды құрады.