
Өңірлерде мектеп дәрігерлері және медбикелерінің қатысуымен 11-13 жас аралығындағы қыздар мен олардың ата-аналарына АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығын ақпараттандыруға арналған кездесулер өтуде.
Дәрігерлер вирустың қауіптілігін, вакцинаның қалай жұмыс істейтінін, қандай жанама әсерлер болатынын және иммундаудан өтудің маңыздылығын түсіндіруде.
Қазіргі таңда түсіндірме шаралары ата-аналар мен мұғалімдер арасында вакцинация жайлы оң пікірдің қалыптасуына ықпал етті. Көпшілігі жасөспірімдердің салауатты әдеттерін қалыптастыруда осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтуде.
Вакцинация жастардың денсаулығын қорғауға және болашақта қауіпті аурулардың алдын алуға көмектеседі.