Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап халықты тұмауға қарсы вакцинациялау басталды. Тұмауға қарсы вакцинациялауға Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2 207 752 дозасы сатып алынды.
Тұмау – басқа жіті респираторлық вирустық инфекциялардан күрделі өтуі және асқынуы себепті ерекшеленеді.
Алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация. Вакцинаны тегін негізде медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған тәуекел тобына жататын адамдар, қарттар үйлері мен балалар үйлерінің контингенті ала алады.
Республикада тұмауға қарсы 145 519 адам егілді, вакцинация жалғасуда.