
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері білім басқармаларымен бірлесіп мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы және оқушылардың тамақтану сапасын мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Санитариялық-гигиеналық жағдай мониторингімен 6 225 объекті, оның ішінде 5 961 мектеп ас блогы және 264 буфет қамтылды. Мониторинг барысында ыстық судың болмауы, ас блогы қызметкерлерінің арнайы киім кию ережелерін сақтамауы, жеке гигиена ережелерін сақтау үшін қағаз сүлгілер мен құралдардың болмауы, жинау мүкәммалында таңбалаудың болмауы, тамақ өнімдерін сақтау мерзімдері мен жағдайларын бұзу сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұдан басқа, өнімнің қауіпсіздігін растайтын тиісті сәйкестік құжаттарының болмауы, алкогольсіз газдалған сусындарды, фаст-фудтарды сату, дезинфекциялық, ауыз су режимінің бұзылуы, сондай-ақ желдету жүйесінің жарамсыз болуы анықталды.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.