Астанада дағдарыс жағдайындағы коммуникация бойынша республикалық тренинг өтті

Астанада дағдарыс жағдайындағы коммуникация бойынша республикалық тренинг өтті

Бүгін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің баспасөз хатшылары үшін АПВ-ға қарсы вакцинациямен байланысты дағдарыстық жағдайлардағы коммуникация бойынша тренинг өтті.

Тренингті Комитет Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды Жиналғандар алдында ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және Астана медицина университетінің өкілдері сөз сөйледі

Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер бойынша дағдарыс коммуникациясын енгізу, Қазақстандағы екпеге қарсы қауымдастықтарды түсіну, АПВ-мен байланысты дағдарыстар туралы хабардар ету, коммуникацияға жауап шараларын тұжырымдау, әлеуметтік желілердің реакциясын басқару мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, АПВ және жатыр мойны обырының таралуы, АПВ вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпараттық слайдтар ұсынылды.

Өңірлік мамандарды АПВ-ға қарсы вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ақпаратқа коммуникация әдістеріне оқыту жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар АПВ және онымен байланысты аурулардың таралуына қарсы күрестің бірлескен тәсілдерін талқылауға мүмкіндік алды Сондай-ақ дағдарыс кезеңіндегі өзара іс-қимыл тетіктері, дағдарысқа қарсы коммуникациялар алгоритмдері зерделенді.