Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР Үкіметінің резервінен COVID-19 анықтау бойынша ПТР тестілеу жүргізуге қаражат бөлінді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР Үкіметінің резервінен COVID-19 анықтау бойынша ПТР тестілеу жүргізуге  қаражат бөлінді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві шеңберінде бөлінген қаражат 1 200 000 зертханалық зерттеуге есептелген. 

ПТР әдісімен COVID-19 анықтау бойынша 1 020 000 зертханалық зерттеу ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілетін болады, ал басқа 180 000 зерттеу ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-де жүргізу үшін анықталған. Сонымен бірге, ағымдағы жылғы маусым айында 225,600 тест жеткізілді.

Бұдан басқа, барлық сатып алу рәсімдері өткізілді және  554 000 тест жеткізуге өнім берушімен шарт жасалды. Келіссөзге сәйкес 1-2 апта ішінде жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ұлттық сараптама орталығы (ҚР ДСМ зертханалары) азаматтарды тесттермен кеңінен қамту мақсатында мемлекеттік және жекеменшік зертханаларды қосалқы мердігерлікке тартты.

2020 жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша республикамыздағы тест қалдығы 239 646 бірлікті құрайды, бұл алдағы екі аптаның қажеттілігін жабады.