
Алматыда сарапшылар дағдарыс жағдайындағы коммуникация мәселелерін талқылады
10-12 қыркүйекте Алматы қаласында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауға байланысты дағдарыс жағдайларындағы коммуникация бойынша үш күндік семинар өткізілді.
Семинар жұмысына ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, ДДҰ ЕУРО сарапшылары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының (ҚДСҰО), жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми және медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында вакцинациялаумен байланысты дағдарыстарға қарсы күрестің алдыңғы тәжірибесіне шолулар, иммундау бойынша әлеуметтік тыңдаулар қаралды, Қазақстандағы екпеге қарсы қоғамдастықтардың пікірі тыңдалды.
Қатысушылар ИКҚК бойынша дағдарыс жағдайларында ден қою тәсілдерін, әлеуметтік желілердегі реакцияны басқаруды талқылады. Бұдан басқа, топтық практикалық тапсырмаларда дағдарыстық жағдайларда коммуникацияны жоспарлау және оларға ден қою бойынша жаттығулар орындалды.
Семинар қорытындысы бойынша дағдарыс жағдайында коммуникация алгоритмі және дағдарыстық коммуникация бойынша микро-жоспар әзірленді.