Конституция күнімен құттықтау

Конституция күнімен құттықтау

Қымбатты достар, әріптестер!

 

Баршаңызды Конституция күні – мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция – мемлекетіміздің негізі, әрбір азаматтың құқытары мен бостандықтарының кепілі. Ата Заңымыз біздің дені сау әрі қауіпсіз өмір сүруге деген құқықтарымызды айқындайды. Саламатты ұлт – Қазақстанның болашағына қосып жүрген ортақ үлесіміз, ал конституциялық қағидаттар мен нормаларды мүлтіксіз орындау біздің қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді. Біз азаматтардың денсаулығы мен балаларымыздың болашағын қорғай отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуді жалғастыра береміз.

Осынау мерекеде сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке-бірлік пен өркендеу тілейміз! Біздің ортақ күш-жігеріміз қоғам денсаулығын нығайтып, еліміздің көркеюіне үлесін тигізе берсін!

 

Ыстық ықыласпен,

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі