Ақпаратты фейк деп тану туралы

Ақпаратты фейк деп тану туралы

 

Ақпаратты фейк деп тану туралы

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде АПВ (адам папилломасы вирусы) вакцинациясы бедеулікке әкелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк деп танылады. 

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу ағымдағы жыллың қыркүйек айына жоспарланғанын хабарлайды. АПВ-ға қарсы вакцинация  үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  сертификаттаған және тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.   

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы/немесе күн сайын 5 жаңа жағдай тіркеледі, жыл сайын 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады немесе күн сайын 2 әйел қайтыс болады. Бүгінгі күні АПВ жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация болып табылады.

АПВ-ға қарсы вакцинацияның тиімділігін және одан болатын ауырудың ауыртпалығын ескере отырып, бұл вакцинаны Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанды қоса алғанда, 135 ел өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.

Қазақстанда жүргізілген зерттеулерді қоса алғанда, көптеген зерттеулердің нәтижелері вакцинаны алмаған әйелдерге қарағанда, АПВ-ға қарсы вакцинация алған әйелдердің неғұрлым қолайлы репродуктивті денсаулығын көрсетеді. Көптеген әлемдік зерттеулер (Данияда, Канадада, АҚШ-та және т.б.): фертильдіктің бұзылуымен, аналық бездің сарқылу синдромымен немесе басқа репродуктивті бұзылулармен байланыстың болатынын көрсетті. 

Бұл тұжырымдар АПВ-ға қарсы вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін және оның қауіпсіз екенін растайды, екпе алған әйелдердің денсаулығына пайдалы әсер ететінін, сонымен қатар АПВ-ға қарсы вакцина бедеулікке әкелмейтінін растайды.

Жалған ақпарат таратушы тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды және барлық азаматты ресми көздердегі сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.