
Менингит дегеніміз не және олар бір-бірінен немен ерекшеленеді? Менингит – ми мен жұлын қабықшасының қабынуы. Жеке ауру немесе басқа процестің асқынуы ретінде пайда болады.
Тәжірибеде вирусты және бактериялық этологиялы менингиттер деп бөледі, сірнелі және іріңді деп те атайды.
Сірнелі менингиттер вирусты шығу текті ауру, оларды жиі энтеровирустар туғызады. Медициналық көмекке мезгілінде жүгініп, тиісті ем алса науқастар сауығады.
Бактериялық менингит, әсіресе, менингококкті менингит кезінде ауыр және жағымсыз әсерлер көп болады . Менингококк инфекциясы – жіті жаппай таралған инфекция. Менингококк инфекциясы әрдайым адами ортада болған. Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең 2-4 күн. Бактерия тасушылар және назофарингитпен науқастанғандар көптеген жағдайларда жұқтыру көзі болып табылады. Көбіне ауа-тамшылық жолмен беріледі. Менингококк қоршаған ортада және адам ағзасынан тыс жерде өте тұрақсыз және жылдам жойылады. Жұқтыруға жағдай тудыратын факторлар: тығыз орналасқандық, ұзақ уақыт жақын қарым-қатынас, бөлмелердегі температура режимімен ылғалдылықтың бұзылуы. Менингококк инфекциясының нақты кезеңділігі бар: күзгі-қысқы және қысқы-көктемгі кезеңде әсіресе белсенді. Аурушаңдық әсіресе ақпан-сәуірде жоғары, циклділігі бар. Әдетте ол анда-санда кездесетін ауру (бірлі-жарым жағдайлар), бірақ 5-10 жылда кенеттен таралуы мүмкін.
Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде өту мүмкін, әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға ұқсайды.Диагноз мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығының бактериологиялық зерттеуінің оң нәтижесінде қойылады. Бірақ, өкінішке орай, асқынған генерализацияланған формаларда менингит және менигококцемия (менингококкты сепсис) түрінде болу мүмкін.
Менингит қалтырау және қызудың көтерілуі, бастың қатты ауруы мен және құсу белгілерімен жедел басталады. Науқастарда жарықтан қорқу, қозу және қимыл жүйесінің әурешілігі, санасының бұзылуы белгілері дамиды.
Менингококцемия (менингококкты сепсис) жедел басталады, кейбір науқастарда назофарингиттен басталады, дене қызуы 40°С және одан жоғарыға дейін көтеріледі. Ерекше белгілері - теріде, аяқ-қолда, ауру басталған соң 12-48 сағаттан кейін жамбаста бөртпе пайда болады. Өте жылдам басталуы мүмкін, кенеттен қалтырау, қорқыныш сезімі пайда болған жағдайда менингококцемияның кенеттен пайда болуын сипаттайды. Дене қызуы 40 – 41 °С дейін көтеріледі, содан кейін инфекциялық-уытты шок дамуына қарай жылдам төмендейді. Демікпе, тахикардия артады, артериялық қысымы төмендейді, ауру басталған соң 6-48 сағаттан кейін өлім жағдайы тіркелуі мүмкін.
Жұлын-ми сұйықтықтығын (ликворды) зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды диагнозды қоюға және сірнелі менингитті іріңді менингиттен нақтылауға болады. Осыған байланысты менингитке күдіктенген жағдайда науқасты шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет.
Өзіңді менингококк инфекциясынан қалай қорғауға болады?
Ең алдымен осы инфекция әрдайым Сіздің есіңізде жүруі тиіс, алғашқы белгілердің пайда болу сипаттамасын біліңіз. Ауруға шалдыққанның алғашқы сағаттары өте маңызды рөл атқарады. Алғашқы белгілері пайда болса, дереу жедел жәрдем көмегін шақыртуыңыз керек.
Аурудың алдын алу үшін желдетілмейтін, қапырық және тығыз бөлмелерден алшақ болыңыз, бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау тәртібін сақтау керек.