Ақпаратты жалған деп тану туралы

Ақпаратты жалған деп тану туралы

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде АПВ (адам папилломасы вирусы) вакцинациясының бедеулікке әкелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған деп танылады.

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен барлық азаматтарды ресми көздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарланғанын хабарлайды. АПВ вакцинациясы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген «Мерк Шарп және Доум (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил вакцинасы қолданылады.

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900ге жуық жаңа жағдайы немесе күн сайын 5 жаңа жағдай тіркеледі, жыл сайын 600ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады немесе күн сайын 2 әйел қайтыс болады Бүгінгі таңда АПВ алдын алудың және жатыр мойны обырының дамуының жалғыз әдісі вакцинация.

АПВ-ға қарсы вакцинаны Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанды қоса алғанда 135 мемлекет өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді