Комитетте аумақтық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері қаралды

Комитетте аумақтық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері қаралды

2024 жылғы 22 шілдеде Комитетте Zoom платформасы арқылы Комитеттің аумақты бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Жұмыс кеңесі шеңберінде 2024 жылдың мамыр-маусым айларында өткізілген аумақтық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері талқыланды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеудің жеткіліксіздігінде байқалған талдамалық анықтамалар мен анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспарларды дайындау кезіндегі олқылықтар атап өтілді. Департамент басшыларының назары ішкі талдауды уақтылы жүргізуге аударылды, өйткені материалдарды орындау мерзімдерін бұза отырып, дайындау және интернет-ресурстарға орналастыру фактілері орын алды.

Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелердің басшыларына ұйымдастыру-басқару қызметінде ел заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі көрсетілді, өйткені Комитет бұл мәселені үнемі бақылауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда кінәлілерге қатысты ден қою шараларын қабылдайтын болады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша жұмысты ұйымдастыруға күш салу ұсынылды.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.