Биология бойынша халықаралық олимпиада – бірлескен күш-жігермен

Биология бойынша халықаралық олимпиада – бірлескен күш-жігермен

2024 жылғы 6-14 шілде аралығында Астана қаласында әлемнің 76 елінен келген оқушылар арасында биология пәнінен халықаралық олимпиада өтті.

Аталған іс-шараның санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің (Астана қ. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және көліктегі) және Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының мамандары жұмылдырылды.

Іс-шараны өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет

тамақтануды ұйымдастыруға тартылған барлық кәсіпкерлермен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын;

жол бойында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекциясының алдын алу бойынша Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген балаларды ертіп жүретін жауапты тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын;

тамақ өнімдеріне экспресс-зерттеулер жүргізе отырып, іс-шаралар өтетін, қабылдаулар және қатысушылар тұратын жерлерде тамақтануды ұйымдастыруға кезекшілікті қамтамасыз етті

 Анықтама: барлығы микробиологиялық көрсеткіштерге 809 тамақ өнімі, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 1819 тамақ өнімінің сынамасы зерттелді

Іс-шараны сәтті ұйымдастыруға үлес қосқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз!